Кітапхана ісі
 

1947-1956 жылдары облыстық кітапхана директоры. Бір уакытта ол кітап толықтырушы, библиограф және көпшілікпен жұмыс істейтін қызметкер болды. И.Д. Буриловтың кітапхана директоры қызметіне келуімен ішкі жұмысқа үлкен көңіл аударылды. Кітап сактау бөлімі, оқу залы, сонымен қатар, кітап өңдеуге жауапты бөлім бөліп шығарылды. 1948 жылы кітапханаға ғимарат бөлінді, бұл Луначарский көшесіндегі, XIX ғасырдың аяғында салынған, көпес Томашевтің бұрынғы үйі болатын. Кітапхана ғимараты табысты жұмыс істеуге қолайсыз болды, сондықтан И.Д. Бурилов 1954 жылдан күрделі жұмысқа бөлінген  қаржыдан  оқу залын салуды бастады. 1955 жылы оқырмандарды жаңа оқу залында, жаңа стеллаждармен, үстелдер және орындықтармен қарсы алды. Кітапхана штаты 7 адамнан тұрды: директор, кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі, жылжымалы кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, оқу залының кітапханашысы, абонементтің 2 кітапханашысы. 1951 жылы кітапхана жанында ауыл кітапханашыларын дайындау бойынша жылдық курс ашылды, ол Ермак мәдениет-ағарту училищесі ашылғанға дейін облыста кітапханалық кадрларды дайындайтын жалғыз орын болды. Осы жылдары облыстық кітапханада алғаш рет аудандық және ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмектің жоспары құрылып, В.И. Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхана өкілінің қатысуымен облыстық семинар өткізілді.

 

***
Бурилов И.Д. Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / Авт.-сост. Э. Соколкин. – Павлодар, 2016. – С. 430
Областная библиотека им.С. Торайгырова: Библиотечная энциклопедия / Ответств.: Ш.Б.Шахметова; ред, М.А. Жиенбаева; Управление культуры павлодарской области. Павлодарская областная объединенная универсальная научная библиотека им. С. Торайгырова. - Павлодар, 2011. – С. 153 - 154.
Призвание - библиотека: история библиотеки в биографиях её директоров / сост. Б. Б. Байжанова; Областная универсальная научная библиотека им. С.Торайгырова.- Павлодар: ЭКО, 2006. – С. 20