Кітапханашы, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Павлодар облыстық арнайы кітапханасының директоры қызметін атқарды. Зоя Саяровна Абельдинова Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келді. Кітаптар мен адамдар оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Өзінің қызметін 1972 жылы Павлодар ауданы Ефремовка ауыл кітапханасының әдіскер – библиографы лауазымынан бастады. 1984 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша тәмамдады. 1971-1993 жж. – Павлодар аудандық мәдениет бөлімінде жұмыс істеді. 1971-1979 жж. – Павлодар ауданы ОКЖ әдіскері. 1979-1981 жж. - Павлодар ауданы ОКЖ әдістемелік бөлімінің меңгерушісі. 1981-1988 жж. - Павлодар ауданы ОКЖ директорының орынбасары. 1988 – 1993 жж. - Павлодар ауданы ОКЖ директоры. 1993-2007 жж. - «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» ММ директоры.
Зоя Саяровна Павлодар облысы мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен (1984 ж.), КОКП ОК, БЛКЖО Құрмет грамотасымен (1987 ж.), облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен (1992 ж.) марапатталды. Сонымен қатар, «Лучший работник культуры области за 1994 г.» дипломымен, ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1998 ж.), Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың Құрмет грамотасымен (2001 ж.), ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен (2006 ж.), «Еңбек ардагері» (1992 ж.) медалімен, ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2001 ж.) марапатталған. З.С. Абельдинова – көптеген мақалалар мен әдістемелік нұсқаулардың авторы.
***
Абельдинова З.С Известные женщины Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2007. – С. 11
Абельдинова З.С. Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты / Авт.-сост. Э. Соколкин. – Павлодар, 2016. – С. 429