Бейнелеу өнері және архитектура
 

Сібірде дүниеге келді, Орал қаласында білім алды, 1978 жылдан бастап Қазақстанда өмір сүреді және жұмыс істейді. Александр Иванович еңбек жолын 1962 жылы Орал автокөлік зауытында (Миасс қ.) бастады. 1974 жылы Челябі Мәдениет және өнер академиясының театр режиссурасы факультетіне оқуға түседі. Жас маман дипломымын және КСРО Мәдениет министрлігінің жолдауымен Павлодар қаласына Павлодар облыстық драма театрында жұмыс істеу үшін жіберілді. Көптеген жылдар бойы облыстық мәдениет басқармасында, Қазақстан Коммунистік партиясының облыстық комитетінде қызмет етті, А.Чехов атындағы облыстық драма театрының директоры болды. 90 – шы жылдары білім беру жүйесіне ауысты. Оның оқушылары қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық техникалық, көркемсурет және қолданбалы шығармашылық көрмелердің жүлдегерлері.

Суретші Колодиннің шығармашылығы көркем сурет сүйер қауымға кеңінен танылған. «Нива», «Дорогой», «Найзатас» республикалық журналдарының беттерінде оның жұмыстары жарық көрді. Павлодар суретшісінің суреттері Қазақстанда, Қытайда, Германияда, Ресейде, соның ішінде Президенттің мәдениет орталығында (Астана, 2007 ж.) және Ресей Федерациясының Елшілігі жанындағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығында өткен көрмелерге қойылды. 2015 жылы Павлодар қаласында Александр Колодиннің Қазақстан Халқының ассамблеясының 20 жылдығына арналған жеке көрмесі сәтті өтті. 2016 ж. Өнер және мәдениет (Челябі қ.) академиясында оның жеке көрмесі қойылды. 2017 жылы Александр Колодин өнерін Алматыда таныстырды. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде оның «Радость жить!» атты жеке көрмесі аса сәтті өтті. Көрмеде автор жетпіс жұмысын таныстырды, олар әртүрлі жылдары салынған болатын. Суретші жұмыстарының айтарлықтай бөлігі АҚШ, Қытай, Жапония, Израиль, Германия және көптеген басқа елдерде жеке топтамаларда сақталуда.

А.И. Колодин – облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың, Павлодар қаласы әкімдігі сыйлығының, «Творческая личность года», «Вдохновение» облыстық педагогикалық номинациялардың лауреаты. 1996 жылы оның «Салем» атты кітабы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. 2012 жылы А.Колодин «Тілге құрмет – елге құрмет» республикалық байқауының жүлдегері атанып, «Нұр Отан» халықтық демократиялық-партиясының республикалық сыйлығын алды. 2015 жылы суреттері «Жемқорлыққа жол жоқ!» республикалық көрме-байқауының Дипломымен марапатталды.

Көпжылдық еңбегі үшін суретші әртүрлі наградалармен марапатталған. 2015 және 2016 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттарымен және «Қазақстан Халқының ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 

 

***

Колодин А. Методические рекомендации по разработке программы эффективного использования культурно-спортивной базы в организации отдыха населения на 1987-1990 годы (программа «Досуг») / А.И.Колодин; Павлодарский обком Компартии Казахстана. – Павлодар, 1986. - 28 с.
Колодин А.И. Павлодарский народный хор русской песни / А.И. Колодин. // Казахская ССР. Краткая энциклопедия. Т.4. – Алма-Ата, 1991. - С. 433.
Колодин А.И. Павлодар облыстық филармониясы / А.И. Колодин. // Қазақ ССР. 4-том қыскаша энциклопедия. – Алматы, 1989.- 488 бет.
Колодин А.И. «Павлодарочка» / А.И. Колодин. // Қазақ ССР. 4-том қыскаша энциклопедия. – Алматы, 1989.- 488 бет.
Колодин А. Салем: картинный словарь казахского языка. - Алматы: изд-во «Мальвина», 1997. - 59 с.
Колодин А.И. Сказки для Насти /А.И.Колодин. // Сказочники среди нас: сборник сказок победителей конкурса «Бабушкины сказки» / сост. Л.А.Попова. - Алматы: ООФ «Открытая школа», 2011.- С. 72 -75.
Колодин А. Волшебница; Доставала; Веня Веничкин; Совесть: сказки / А.И.Колодин // Дружные ребята. – 2011. - 2 авг. (Читалка «ДР»)
Колодин А. Салем: картинный словарь казахского языка. -Павлодар: «Типография Сытина», 2012 - 57 с.
Колодин А. Айналайын: картинный словарь казахского языка. - Павлодар: «Типография Brand Print», 2013. - 60 с.
Колодин А. Радость жить: изоальбом. – Павлодар: ТОО «Дом печати», 2017. - 76 с.
Колодин А. Совесть: сказка // Звезда Прииртышья. - 2018. - 22 марта. - С.16 (Читалка Домовёнка)
Колодин А. И. Басни // Июнь, шестое, Пушкин…: сборник стихов павлодарских авторов, участников поэтического марафона (2009-2017) – Павлодар, 2018. - С.62-65.