Ресейдің Алтай өлкесінің Құлынды ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген. Сәулетші. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сәулетшісі (1980), КСРО Халық сәулетшісі (1991). ҚазПИ-ді бітірген (1972). 1972 – 1981 жылдары Алматы Жобалау интернатында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, шеберхана бастығы болды. 1982 жылдан осы интернаттың бас сәулетшісі қызметін атқарды. Монтақаев 1996 – 2000 жылдары Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті, 1999 жылдан Шығыс елдері Сәулет Академиясының вице-президенті, оның Қазақстандағы бөлімшесінің төрағасы, 2000 жылдан «Алматыгипрогор» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Алматыдағы 12 қабатты экспериментті тұрғын үйдің (1976), Қазақстан КП ОК ғимаратының (1980), қазіргі Алматыдағы Президент сарайының (1985), Республика алаңы кешенінің, «Айнабұлақ», «Ақсай», «Орбита» ықшам аудандарындағы бірқатар кешенді құрылыстардың, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Қазақстан орталығы (1986) жобасының авторлар тобын басқарды. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы Президент резиденциясы, Үкімет және Парламент үйі, бірқатар министрліктердің, Конгресхолл, Астана аэропорты мен аэровокзалы, орталық әмбебап дүкені және Астанадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш жобаларын жасады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Афина қаласында өткен Акрополь мұражайына арналған халықаралық байқаудың дипломанты, дүниежүзілік Бьеннале фестивалінің лауреаты (1989, 1990). 2000 жылы Қазақстанның «Жыл сәулетшісі» атанды. «Құрмет» орденімен марапатталды (1997).
***
Авторские работы К. Монтахаева // Күмбез.- 2010. - №1. - С. 60
Архитектор К. Монтахаев: (журнал посвящён памяти выдающегося архитектора ХХ века Калдыбая Монтахаева (15.01.1950-17.10.2008) // Күмбез. - 2010. - №1. - С. 1 – 72
Дуйсебай Е. Архитектор ХХ века: [о казахстанском архитекторе К.Ж. Монтахаеве] // Күмбез.- 2010.- №1. - С. 12 – 15
Ералиев Т. Архитектор К. Монтахаев: [о творчестве архитектора К.Ж. Монтахаева] // Күмбез. - 2010. - №1. - С. 8
Капанов А. Народный архитектор: [о казахстанском архитекторе К.Ж. Монтахаеве] // Күмбез.- 2010.- №1. - С. 3 – 5
Каппеллетти Ф. Человек с золотым сердцем: [о творчестве архитектора К.Ж. Монтахаева] // Күмбез.- 2010. - №1. - С. 30 – 31
Копбосинова Р. Романтик из Кулундинских степей: [о казахстанском архитекторе К.Ж. Монтахаеве] // Күмбез.- 2010.- №1. - С. 16 – 23
Монтахаев К. Проекты молодости нашей: [архитектор К.Ж. Монтахаев о своем творчестве] // Күмбез.- 2010.- №1. - С. 37 – 39
Рустембеков А. Слово о Великом мастере: [о казахстанском архитекторе Калдыбае Жумагалиевиче Монтахаеве] // Күмбез. - 2010.- №1. - С. 2
Самый лучший отец: [воспоминания детей К. Монтахаева] // Күмбез.- 2010. - №1. - С. 29
Татыгулов А. Застывшая музыка Калдыбая: [о творчестве казахстанского архитектора К.Ж. Монтахаева] // Күмбез. - 2010. - №1. - С. 10 – 11
Әбдіғазиев Б. Алғашқы асу: [архитектор Қалдыбай Монтахаев жайлы] // Қазақстан өнері. Жылнама. - 1980. - Алматы, "Өнер", 1982. – 65 - 67 б.
Бықай Ф. Қалдыбай ұмыт қалмайды: [С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен Қ. Монтақаевты еске алу кеші туралы] // Егемен Қазақстан.- 2015. - 14 қазан. - 16 б.
Исекен Қ. Сұлулыққа іңкәрлік: (Өнер - өмір) // Парасат. - 2006. - №2. - 19 б.
Көшімбаев С. Ұлы сәулетші: [Сәулетші Қалдыбай Монтақаевтың шығармашылығына арнап көрме ашылды] // Сарыарқа самалы. - 2013. - 6 сәуір. - 8 б.
Монтахаев Қалдыбай // Төлебаев Жұмат. Ана жұртым - Ресей Ата жұртым - Кереку мен Семей..: [Е-кітап көшірмесі]. - Павлодар, 2005. - 422 б.