Гальченко Георгий Владимирович 1929 жылы Цетинье қаласында дүниеге келді (бұрынғы Югославакия). Архитектор, Қазақ КСР - нің еңбек сіңірген архитекторы (1986), КСРО Архитекторлар одағының мүшесі, Қазақстан Архитекторлар одағының облыстық филиалының төрағасы (1978-1988).
Тың және тыңайған жерлерді игеру басталған кезде Георгий Гальченко София қаласындағы политехникалық институттың архитектура факультетінде оқып жүрді.
Арнайы рұқсат бойынша дипломдық жобасын ертерек қорғап, 1955 жылдың шілде айында отбасымен бірге Павлодар облысының Чернорецкий совхозына тың игеруге аттанды. Ал тамыз айында оны жаңа құрылған Павлодардағы алғашқы жобалау ұйымына ауыстырды. Гальченконың жобалары бойынша Киров, Чапаев, Ленин атындағы, Майский совхоздары салынды. Ол Павлодар қаласының бас архитекторы (1958-1965), Павлодар облысының атқару комитетінің құрылыс және архитектура бойынша бөлімінің бастығы (1965-1969), «Казсевсельпроект» директоры (1969-1991) қызметтерін атқарды.
Қызыл Ту Еңбек орденімен, «Знак Почета» белгісімен марапатталған.
***
Болтина В. Архитектор Георгий Гальченко: [к 85-летию павлодарского архитектора] // Звезда Прииртышья.- 2014. - 13 марта. - С. 13
Болтина В. Архитектор Георгий Гальченко // Звезда Прииртышья.- 2014. - 13 марта. - С. 13
Гальченко Георгий Владимирович: Некролог: [засл. архитектор РК, почетный гражданин г. Павлодара] // Звезда Прииртышья. - 2002. - 15 августа. - С. 19