Бейнелеу өнері және архитектура
 

Қасен Сейілханұлы Абаев 1942 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Суретші, кескіндемеші, мүсінші және өнертанушы. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанда бейнелеу өнерінің алдыңғы қатарлы шеберлерінің бірі.

Алматы көркемсурет училищесін және Мәскеу полиграфия институтын тәмамдады. «Жазушы» баспасының көркем редакторы. Республикалық кітап баспасы жүйесінде қызмет етті. Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы (1995-1998), Халықаралық көркемсурет қорының төрағасы, 1998 жылдан бастап «Ағыс» компаниясының көркем жетекшісі қызметтерін атқарды. Алматы қаласында тұрады.

 

***

Пархоменко М. Вся жизнь художника [Хасена Абаева] // Казахстанская правда. - 2002. - 25 июля. - С.6