Бейнелеу өнері және архитектура
 

Скульптор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Алтай өңірінің Ключевский ауданында Алексеевка ауылында дүниеге келген. 1947 жылдан бастап Шақатта тұрды. 1953 жылдан шаруа қожалығында жұмыс жасады. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет – графика факультетін тәмамдады. Мұғалімдері: скульпторлар Н. Журавлев, В. Шредер. 1991 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1970 жылдан шығармашылық жұмыстары Павлодар, Алматы қалаларында, облыстық, республикалық көрмелерге қойылды. Суретшінің туындылары Қазақстан Мәдениет министрлігінің қорында сақталуда. Латвияда (Дзинтари, 1982 ж.) скульпторлардың керамика бойынша симпозиумында жалпыланған философиялық сипаттағы кіші пластикада өзін көрсете білді.

Суретшінің жұмыстары көптеген жылдары жиналған тәжірибелігін айқындайды. Оның портреттері адамның ішкі дүниесін көрсетеді.