Жамкен Серікбаев – Павлодардан шыққан алғашқы кәсіби қазақ суретшісі. 1925 жылы Павлодар облысының Май ауданында «Қызыл Құрама» совхозында дүниеге келген. 30 – шы жылдары Жамкен Серікбаев балалар үйінде тәрбиеленді, сурет салумен әуестенетін. Дарынды баланың суреттерін танымал павлодарлық өлкетанушы, фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев көріп, оқуға түс деп кеңес берді. Жамкен Серікбаев Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. Оның оқытушылары: Черкасский, Крутильников, Леонтьев, Бортников және т.б.
1951 жылы оқуды бітірген соң суретші Павлодарға оралды. 30 жылдан астам уақыт бойы Жамкен Серікбаев педагогика саласында жұмыс істеді. Ол Павлодар педагогикалық училищесінде «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімінің оқытушысы болды. Оның басшылығымен көркемсурет үйірмесі жұмыс жасады. 1955 - 1970 жж. аралығында көркемсурет шеберханаларының жанында бейнелеу өнері студиясын басқарды. 1974 жылы «Отличник народного просвещения Каз.ССР», ал 1980 жылы «Отличник просвещения СССР» атанды. Училищенің 50 жылдығына орай Ж. Серікбаев педагогикалық училище тарихының музейін ашты және мерейтойлық естелік белгісінің авторы атанды.
Ж. Серікбаевтың туындылары Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорында сақталуды.