Кескіндемеші. 1946 жылғы 14 мамырда Кемеров облысында дүниеге келген. Фрунзедегі көркемсурет училищесін бітірген (1962-1967). Педагогтары: С.А. Чуйков, Е.С. Гердюк, В.А. Ким. И.Е. Репин атындағы ЛКМжСИ (ЛИЖСиА) оқыған. Суретшінің әуестенетіні - кітаптаңба (экслибрис). Ол кітап миниатюрасының түр ерекшелігі мен мазмұнын ұғына білді. Н. Петерш отыздан астам кітап белгілерін жасады, онда негізінен офорт және нақыш техникасын қолданады. Суретші туындылары «Экслибрис Қазақстан» алғашқы тақырыптық жинағына енгізілді (1989). Негізгі туындылары: «Голубое утро», «Перед грозой», «Дорога в Баянаул», «Мое родное Прииртышье». 1969 жылдан Павлодарда тұрған, осында жұмыс істеген.
***
Витальев В. В разных жанрах: [о выставке Н. Петерша в художественном музее г. Павлодара] // Звезда Прииртышья. - 1988. - 10 июля
Черных Е. Поклонение жизни: [о персональной выставке павлодарского художника Н.А. Петерша] // Звезда Прииртышья. - 1988. - 30 августа.
Черных Е. Работы нашего земляка: [о павлодарском художнике Н.А. Петерше] // Звезда Прииртышья.- 1988.- 2 июня