Бейнелеу өнері және архитектура

Кескіндемеші, өнертану ғылым кандидаты (1961), Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1974). 1940 – 1942 жылдары Алматы театр-көркемсурет училищесінде, 1947 – 1953 жылдары Санкт-Петербургтегі кескіндеме, мүсін және архитектура институтында оқыған. 1961 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы аспирантураны А.М. Герасимовтың шеберханасы бойынша бітірді.

Қондырғылы кескіндеменің әр түрлі жанрында жұмыс істеп, сюжетті картина саласында жемісті еңбек етті. «Кеңес Одағы Әскери Теңіз-флотының адмиралы И.С. Исаков» (1964 – 1965), «Бес қаруың сай болсын» (1965), «Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин» (1969) портреттерін салды. Франция, Бразилия, Жапония елдеріне сапар шегіп, нәтижесінде бірнеше суреттер топтамаларын жасады.

Нұрмұхамедов еңбектері Канада, Бельгия, Югославия, Финляндия көрмелерінде қойылды. Қазақстанның бейнелеу өнері жөнінде кітаптар мен альбомдар шығарды. «Еңбек даңқы ерлері» топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1978), «Құрмет белгісі» (1959, 1971), 2-дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

 

***

Абденова З. В ГМИ проходит выставка, посвященная 80-летию Нурмухаммедова: [О выставке, посвященной 80-летию художника Н. Нурмухаммедова, уроженца Павлодарской обл.] // Панорама. - 2005. - 21 января. - С. 11
Александров С. Изобразить и воспеть: [о художнике Н. Нурмухаммедове] // Простор. - 1979. - №4. - C. 124 – 127
Вержбицкий С. Народный художник: [о Н. Нурмухаммедове] // Казахстанская правда. - 1974. - 22 ноября.
Вул Н. К вопросу о портрете: [о развитии портретного жанра в изобразительном искусстве Казахстана] // Искусство Казахстана. Ежегодник. - Алма-Ата, 1985. - С. 42 – 45
Кутлина Н. Агитатор, горлан, главарь: [О художнике Н. Нурмухаммедове] // Экспресс К. - 2002. - 23 октября. - С. 5
Маричева В. Тепло камня: [творческий портрет художника Н. Нурмухаммедова] // Сов. культура. - 1981. - 7 июля. - С.5
Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана. - М.: Искусство, 1970. - 147 с.
Нурмухаммедов Н. Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі =Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясеви: альбом. - Алма-Ата: Өнер, 1980
Рыбакова И. Гражданственность творчества: [о художнике Н. Нурмухаммедове] // Простор. - 1976. - №11. - С. 127
Рыбакова И. О творчестве Нагим-Бека Нурмухаммедова // Искусство. - 1977. - №5. - С. 32 – 36
Рыбакова И. Солнечная палитра // Казахстанская правда. - 1976. - 7 мая
Рыбакова И.А. Нагим-Бек Нурмухаммедов. - М.: Сов. художник, 1979. - 75 с.
Соколкин Э. Мастер кисти: [о художнике, нашем земляке Нагим-Беке Нурмухаммедове] // Звезда Прииртышья. - 1985. - 12 января.
Степной Н. Палитра судьбы: [О художнике Нагим-Беке Нурмухамедове] // Казахстанская правда. – 2003. - 29 августа. - С. 4
Уюкбаева М. Образы времени: [о творчестве Народного художника КазССР, кандидата искусствоведения, участника Великой Отечественной войны Нагим-Бека Нурмухаммедова] // Мысль. - 2015. - №7. - С. 57 – 58
Нұрмұхаммедов Нағым-Бек: альбом [Е-кітап көшірмесі] / құраст.: И. А. Рыбакова. - Алматы: Өнер, 1987. - 136 б