Бейнелеу өнері және архитектура
 

Семей облысында дүниеге келген. Мүсінші. Мәскеу жоғары көркемөнер училищесін (МВХПУ, бұрынғы Строганов, 1971-1977) бітірген. Педагогтары: И.И. Виноградов, В.М. Акимушкина, В.В. Александрова-Рославлева, А.С. Цветков. Бірінші жұмысы – Мәскеу хайуанаттар саябағы үшін медальдарды 1972 жылы жасаған. 1980 жылдан медаль жасау өнерінде, шағын пішінді мүсінде жұмыс істеген. 1979 жылдан КСРО Суретшілер одағы жанындағы жастар бірлестігінің мүшесі. 1979,1980,1982 жылдары Переславль-Залесскийде Д.Н. Кардовский атындағы Шығармашылық үйінде сапарда болған. Павлодарда тұрған.