Мүсінші. Қытайда дүниеге келді. Харбинде электромеханика техникумын бітірген, «Мань-сюкоки» болат құю зауытында жұмыс істеген. 1954 жылы орыс эмигранттарының үлкен тобының отанына оралуына бастамашы болды. Павлодарға 1956 жылы келді, көркемсурет білімін студияда алды (Новосібір). 1967-1973 жылдары Переславль-Залесский сапарында Д.Н. Кардовский атындағы Шығармашылық үйде жұмыс істеді. Оның қондырғылы мүсінінде портрет елеулі орын алады, бұл туындылары реалистік бейнелеудің айқындылығымен, орындалуының дәлдігімен сипатталады. Поль Робсен портреті атақты әншінің Мәскеудегі концертінде және онымен кездескен сәтінде алған әсерімен орындалған (1959, шойын, Ә. Қастеев мемлекеттік өнер мұражайы).
Лопатин он бір Даңқ ескерткішін жасауға қатысты, соның ішінде: сәулетші, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.С. Витухиннің және мүсінші И.И. Виноградовтың тең авторлығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан павлодарлық Кеңес Одағының Батырларына арналған бірегей ансамбль (1980); Даңқ ескерткіші (Курчатов қаласы, 1985).
***
Григорьева О.Н. "Они умеют удивлять...": [в областном художественном музее открылась персональная выставка З. Соболевой и И. Лопатина] // Звезда Прииртышья.- 2005. - 12 ноября. - С. 8
Карандашова Т. Небеса Зои Соболевой: [в художественном музее работает выставка живописи, графики и скульптуры павлодарской художницы З. Соболевой и скульптора И. Лопатина] // Новое время.- 2005. - 17 ноября. - С. 6
Касымова Э. Две дороги, две судьбы: [в областном художественном музее прошла выставка, посвященная юбилею З. Соболевой, в память о скульпторе И. Лопатине, ее мужа] // Новая газета.- 2005. - 3 ноября. - С. 3
Морозова В. Художники-фронтовики // Звезда Прииртышья.- 2013.- 9 мая. - С. 8
Попова М. Из Харбина с любовью: [о павлодарцах - репатриантах из Харбина] // Городская неделя.- 2016. - 2 марта. - С. 12
Чистякова С. По любви: [в областном художественном музее открылась персональная выставка З. Соболевой и И. Лопатина] // Вектор успеха.- 2005. - №13. - С. 16