Бейнелеу өнері және архитектура
 

Мүсінші. В.И. Мухин атындағы ЛЖКӨУ (ЛВХПУ) бітірген (1967). Г.А. Савиновтан тәлім алған. Монументтік, қондырғылы мүсін, кескіндеме, сәнді-қолданбалы өнермен айналысқан. Шығармалары айқындылығымен, нақтылығымен, силуэтінің бейнелілігімен ерекшеленді. Оның «Автопортрет» (1974), «Ертіс» қонақ үйінің мейрамхана залы (витраж, 1974), Павлодарэнерго профилакторийінің ғимараты (мозаика, 1977), «Иртышсовхозстрой» ғимараты (мозаика, 1978) және т.б. аса көрнекті шығармалары бар. 1969 жылдан Павлодар қаласында тұрып, еңбек етті. 1971 жылы облыстық, республикалық аймақтық және бүкілодақтық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Шығармашылығының басты тақырыбы - ғарыш және оны бағындырушылар. Алғашқы монументтік жұмыстары: ғарышкерлер В. Быковский, В. Комаров, Б. Егоров, К. Феоктистов (1967) қонған жерге ескерткіш бедерлері. Қоғамдық үй жайлардың сыртқы және ішкі көріністерін безендірді (әшекей әйнек, мозаика, өрнек). Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

 

***

Александрова Г. Клип с продолжением: [о музыканте Иване Курбатове] // Звезда Прииртышья.- 2011.- 22 сентября. - С. 7