Бейнелеу өнері және архитектура
 

1954 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылының И. Байзақов атындағы кеңшарында туған. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің безендіру бөлімшесін бітірген (1980), суретші-безендіруші.

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2007 жылдан). Еңбектері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Павлодар, Семей, Атырау және Қарағанды көркемсурет музейлерінің қорларында, Алматы қаласындағы жеке галереялардың коллекцияларында, Қазақстан, Франция, Германия, Канаданың жеке коллекцияларында сақталуда. Туындылары Нью-Йоркте (2008), Амстердам, Варшава, Вроцлава, Берлин, Штутгарт пен Мюнхеннің мұражайларында (2008-2009), Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында (2009), «ОЮ» галереясында (Алматы, 2009), Мәдениет пен келісім сарайында (2010) көрмелерге қойылған. Санкт-Петербург қаласында жеке көрмесін өткізген (2008, мамыр-маусым).

1975-1976 жылдары - Павлодар қаласы Автоматтандыру мен механикаландыру конструкторлық-технологиялық жобалау институтының және құрылыстық металл конструкциялары зауытының суретші-безендірушісі.

1980 жылдан бері - Павлодар көркемсурет-өндірістік шеберханасының суретшісі.

КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан). «Құрмет» орденімен марапатталған (2001). «Қазақстан-2000» шеберлік сабағы» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты. ҚР Президентінің стипендиаты (1997).

 

***

Абубакарова Т. Лучше всех!: (Работы павлодарского художника Галыма Каржасова были удостоены гран-при в конкурсе "Познай Абая") // Версия.- 2014. - 17 ноября. - С. 2
Абубакарова Т. Чем не бий?: [павлодарский художник Г. Коржасов участвует в съемках фильма "Кунанбай"] // Версия.- 2015. – 11 мая. - С. 5
Бакауов Б. Памяти Кабдыл - Галыма Каржасова: [некролог] // Звезда Прииртышья.- 2016. - 7 июля. - С. 19
Карандашова Т. Картины - песни номада Каржасова: [о персональной выставке художника Галыма Каржасова] // Новое время.- 2014. - 30 января. - С. 7
Кисенко М. В ярком мире художника: [к 60-летию павлодарского художника Кабдыл-Галыма Насыровича Каржасова] // Звезда Прииртышья.- 2014. - 23 января. - С. 20
Кисенко М. Эту жизнь он так любил..: [в Павлодаре умер известный живописец Кабдыл-Галым Каржасов] // Звезда Прииртышья.- 2016. - 12 июля. - С. 8
Ковалёва И. Памяти художника: [в Павлодарском областном художественном музее открылась выставка посвященная памяти художника Галыма Каржасова] // Наша жизнь.- 2016. - 18 августа . - С. 11
Малиновская Е. Кабдыл-Галым Насырович Каржасов: [о павлодарском художнике] // Нива.- 2006. - №7. - С. 164
Прощай, великий художник!: [ушел из жизни павлодарский художник Галым Каржасов] // Наша жизнь.- 2016. - 7 июля. - С. 31
Еділқызы Л. Тамырластық тіні: [Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазақстан-Венгрия дипломатиялық байланыстарының 20 жылдығына орайластырылған Марат Тұқсайытовтың, Жұмахмет Мырзахметовтың, Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың көрмесі ұйымдастырылды] // Егемен Қазақстан.- 2012.- 25 сәуір. - 12 б.
Жұматов Ғ. Қаржасов әлемі: (Суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасов - 60 жста) // Сарыарқа самалы.- 2014. - 9 қаңтар. - 15 б.
Жұматов Ғ. Суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасов: "Бейнеледім қаламмен ел тынысын" // Сарыарқа самалы. - 2004. - 15 қаңтар. – 6 б.
Қабдыл-Ғалым Насырұлы Қаржасов: (Некролог) // Сарыарқа самалы. - 2016. - 7 шілде. - 18 б.
Суретші шеберханасында: (Қабдылғалым Насырұлы Қаржасов жайлы) // Найзатас.- 2014. - №1. - 94 - 97 б.