Бейнелеу өнері және архитектура
 

Кескіндемеші. Павлодар облысы Ермак ауылында (қазіргі Ақсу қ.) дүниеге келген. 1938 жылдан Павлодарда тұрған. Бала кезінен туған жердің табиғаты толғандырып, суретшіні шабыттандырды. 7 – ші сыныптан кейін А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрында суретші болып жұмыс істей бастады, әскерден кейін театрға қайта оралды. Мұнда әйгілі суретшілер В.А. Кретинин және В.Э. Штейгермен жұмыс жасап, ол бутафория мен декорациялар дайындады. 1956 жылы Павлодарда жаңадан ашылған көркемсурет шеберханасына орналасып, онда көп жыл жұмыс істеген. Ертіс маңындағы көптеген табиғат суреттерінің авторы.

Суретші шеберлігі жылдан жылға жетілді. Бұған П.Г. Величко, М.П. Колмогоров, В.В. Терещенко, С.Я. Якубович сияқты суретшілермен қарым – қатынаста болу және барлық қалалық көрмелерге қатысу әсер етті. Туған Ертіс өңірінін табиғаты суретші жұмыстарының басты тақырыбы болды. Пейзаж жанрында жұмыс жасады. Оның көрмелері көрермендердің назарында болды. 1965 жылдан бастап Павлодарда көркемсурет музейі ашылғанда, Дьячков өткізілген барлық есептік көрмелерге қатысты. Осы жылдардың пейзаждары: «Роща», «Лесное зеркало», «Березовая роща».

17 облыстық және 4 республикалық көрмеге қатысты (1961-80 жж.). «Березовые ситцы» (1972 ж.), «Ручей у реки Акпет» (1975 ж.), «Домик лесника» (1976 ж.), «Дом Павла Васильева» (1978 ж.), «Осень в Баянауле» (1979 ж.), «Сжатое поле» (1979 ж.) және т.б.