Мүсінші. Мәскеу қаласында дүниеге келген. Соғыс басталар алдында 8-ші сыныпты бітіргеннен кейін тігін машинасын жөндеуші, электромонтер болып жұмыс істеген. 1943 жылдан Сібір әуе-десант дивизиясы құрамыңда соғысқан. Өмірбаянында жазылғаны: «Қарсыластың екі жүз километрлік қорғанысын бұзып өту. Лайсаң батпақ, мина, маса. Дегенмен бақытты екен. Аздаған тірі қалғандармен бірге аман қапды...». 1949 жылы әскерден қайтқаннан кейін Мәскеу жоғары көркемсурет училищесіне (бұрынғы Строганов) (МВХПУ (б. Строгановское) түсті. Г. Мотовиловта, Е. Белашовада оқыды. Мәскеу қаласындағы VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер феставаліне арналған Халықаралық суретшілер көрмесінің (1957) дипломанты. 1968-1975 жылдары Мәскеу жоғары көркемсурет училищесінің оқытушысы. 1970 жылы сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.С. Витухинмен және мүсінші И.П. Лопатинмен бірге Павлодар қаласындағы Первомай гүлбағында Даңк ескерткішінің жобасына және орнатылуына қатысып жұмыс істеген. 1980 жылдан Павлодарда тұрған. Туындыларының ерекшелігі патриоттық тақырыппен, дәл үлгілеуімен, бейнелеуінің эпикалық ауқымдылығымен сипатталады. Оның өнерінде педагогы Е.Ф. Белашованың бейнелі-пластикалық шешімінен үйренген лирикалық бастамасы жүйелі сақталған.
Суретшінің негізгі туындылары: «Целинница» (1957), «Защитник» (1970), «Партизанская весна» (1971); «Мы знакомые» (1976), «Девочка с подсолнухами» (1981), «Хлеб» (1981), «Весна 45 года» (1985) топтамалары және т.б.
***
Морозова В. Художники-фронтовики // Звезда Прииртышья. - 2013. - 9 мая. - С. 8