Қостанай облысының Семиозерное ауылында дүниеге келген. Суретші-эмальер, Халықаралық эмальерлер гильдиясының өкілі. 1981 – 1995 жылдар аралығында Павлодар қаласында өмір сүрген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін бітірген (1970-1974). Мұғалімдері: П.М. Кричушин, М.Г. Калимов, В.П. Пояков. 1977-1982 жылдары Мәскеу жоғары көркемөнер училищесінде (бұрынғы Строганов училищесі) оқыды. Педагогтары: А.А. Мельник, С.И. Борисов, А.Е. Короткович. 1985 жылдан бастап Қазақстан, Ресей Суретшілер одақтарының мүшесі.
Эмаль техникасымен жұмыс істейді. Эксперименттік сипатта ерекшеленетін көптеген көркемсурет объектілерінің авторы. Оның жеке көрмелері Ресей мен Қазақстанда ұйымдастырылды. Қазақстан, Литва, Ресей, Испания, Германия, Голландия және Францияда өткен халықаралық көрмелер мен ғылыми конференциялардың қатысушысы.
Оның жұмыстары Ресей, Литва, Қазақстан, Өзбекстан музейлерінде, Америкадағы Ричард Спунердің Галереясында, шетелдік жеке топтамаларда сақталуда.
***
Черных Е. Братья Бекетовы: [о художниках Михаиле и Николае Бекетовых] // Звезда Прииртышья. - 1986. - 4 января.
Шестопалова Г. Выставка в Алматы: [об экспозиции работ эмали павлодарского художника М. Бекетова] // Звезда Прииртышья. - 1998. - 9 мая. - С. 3