Бейнелеу өнері және архитектура
 

Суретші, пейзажист. Тула губерниясы Жердевск болысының Становое ауылында (қазіргі Ресей Федерациясының Тула облысында) дүниеге келген. 1882 – 1888 жж. Мәскеу көркемөнер, мүсіндеу және сәулет өнері училищесінде оқыды. Оқытушылары: И.М. Прянишников, В.Е. Маковский, В.Д. Поленов. «Рубка леса» этюдын П.М. Третьяков сатып алды.

Павлодарда ол 1919 – 1929 жылдар аралығында тұрды. ІІ сатылы мектепте және Павлодар су көлігі мектебінде сызу және сурет пәндерінен сабақ берді (1920-1928 жж.). Театр, Водниктер клубына декорациялар жасады, Ертіс өзені бойында мектеп оқушыларымен Өскемен қаласы мен Зайсан көліне дейін саяхаттады (1923 ж.). 1923 жылғы (Мәскеу), 1925 жылғы (Иркутск) көрмелерге қатысты. Павлодар қаласындағы Ленин ескерткіші тұғырының эскизін әзірледі (1928 ж.), оның эскизі бойынша Затондағы ағаш арка қойылды. 1924 ж. балаларға арналған сурет студиясы ұйымдастырылды. Павлодарда сурет-фотографиялық көрме ашылды (1931 ж.), жергілікті суретшілердің жұмыстарымен қатар В.П. Батуриннің де туындылары қойылды. Павлодар көркемсурет музейінің қорында В.П. Батуриннің алты жұмысы бар: «Лес» (1929 ж.), «Гроза» (1930 ж.), «Охотник с собакой» (1927 ж.), «Крымский пейзаж» (1928 ж.), «Охотник на лугах» (1928 ж.), «Цветник в Ясной Поляне» (1929 ж.).

Самара қаласында 1938 жылдың 14 қазанында қайтыс болды.

 

***

Бекендорова В. Незабытые полотна: [о выставке произведений В.П. Батурина в обл. музее изобраз. искусства] // Звезда Прииртышья. - 1988. - 1 ноября.
Григорьева О.Н. Батурин на фоне павлодарского пейзажа // Звезда Прииртышья. - 1998. - 27 января, 29 января, 31 января
Батурин В.П. // Григорьева О.Н. Вы - история, не поколение..: очерки и эссе.- Павлодар: ЭКО, 2002.- 160 с
Дубовая Е. Щедрость разностороннего таланта: [о рус. художнике В.П. Батурине, жившем в Павлодаре с 1919 по 1929год] // Нива.- 2002. - №2. - С. 170 – 172
Пашко О. Памяти Батурина: [посвящена выставка, организованная обл. худож. музеем к 135-летию рождения художника] // Звезда Прииртышья. - 1998. – 22 сентября. - С. 3
Приймак Д. Затонский художник // Звезда Прииртышья. - 1981. - 6 января.
Хижняк Г. Он жил в Павлодаре // Звезда Прииртышья. - 1986. - 25 марта