Бейнелеу өнері және архитектура

Жаңбырбай Адамов 1945 жылы Краснокутск ауданының Рассвет ауылында дүниеге келген (қазіргі Ақтоғай ауданы, Барлыбай ауылы). Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1968-1973). Кескіндеме, сызба, сәндік-қолөнермен айналысады. Ертіс ауданында тұрып, сонда қызмет етеді.

Ж.Адамовтың шығармашылық еңбектері «Сібір өзендері» жобасы шеңберіндегі Сібір және Қазақстанның қатысуымен өткен аймақаралық ғылыми-тәжібиелік конференциясындағы («Сібір өзендері мен олардың табиғи және мәдени ландшафттағы динамикасы», Омбы 2005) көрмесіне қатысты. Суретшінің дербес көрмелері Ертіс ауылында (2005, 2008), Бұқар Жырау музейінде (Павлодар, 2005), Павлодар облыстық көркемсурет музейінде қойылды (2013).

«Астанаға 10 жыл» (2010), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» (2013) медальдарымен және Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.

Жаңбырбай Адамов шығармаларында ауыл халқына адал еңбек еткен жандар, сонымен бірге суретші туып-өскен, осы уақытқа дейін қызмет етіп келе жатқан өлкесінің табиғат сұлулығы бейнеленген.

 

***

Бакытова А. Ровесник Победы: [о павлодарском художнике Жанбырбае Адамове] // Звезда Прииртышья. - 2005. - 28 мая. - С. 8
Бакытова А. Ровесник Победы: [в областном музее литературы и искусства им. Бухар жырау экспонируется выставка сельского художника - Ж. Адамова из Иртышского района] // Звезда Прииртышья.- 2005. - 28 мая. - С. 8
Жансүгіров С. Қылқылым шеберінің сыры: [Ертіс ауданының тумасы Жаңбырбай Адамовтың шығармашылығы туралы] // Сарыарқа самалы. - 2005.- 29 наурыз.-8б.
Петрученко Н. Вернисаж сельского художника: [в районном Доме культуры с. Иртышск проходит выставка сельского художника Ж. Адамова] // Звезда Прииртышья.- 2005. - 23 апреля. - С. 8
Ураевский, М. Ай, да Жора, ай, да молодец!: [ о творчестве Иртышского художника Жамбырбая Адамова ] // Иртыш.- 2009 . - 1 января. - С. 2.