Сәдуақас Шормановтың қайда және қашан туғаны туралы деректер әртүрлі болып келеді. Біреулер Баянауылда десе, екіншілер Омбы қаласында туған дейді.
Сәдуақас екі жасқа келгенде Ақкелін ауылындағы атасы Шорманның бауырына әкелінеді. Ол он жасқа дейін осы ауылда болады. Ауыл молдасынан дәріс алады. Атасы мұғалім жалдап, Сәдуақасты орысшаға үйретеді. Бұл оның гимназияға түсуіне және оны ойдағыдай тәмамдауына үлкен көмек болады. Оқуды ойдағыдай бітіргеннен кейін Сәдуақас Томск университетіне түседі. Бірақ, денсаулығына байланысты оқуды тастап елге қайтады.
Сәдуақас Шорманов сол уақытта ақын ретінде жақсы танылған, Қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері, әдебиет пен өнердің білгірі Смағұл Сәдуақасов «Мағжан Жұмабаевтан кейін, хал-қадірінше қазақ ақындарының арасынан С.Шормановты айтуға болады»-деген еді.
Ақын ретінде С.Шорманов адалдықты, махаббатты, табиғатты, адамгершілікті, қайырымдылықты, руханиятты жырлаған. Абай мектебін өнеге тұтқан ақын. Абайдан үйреніп, оған еліктегенін «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек» деген өлеңінен анық байқауға болады. Шорманов Сәдуақас қазақ қолжазбаларын жинаушы, солардьщ ішінде Абай өлеңдерінің қолжазбасын П.М.Мелиоранскийге тапсырған.
С.Шорманов поэзиясы әртүрлі тақырыпқа арналған. Солардың барлығын тұтастыратын негізгі идея адамгершілік, адалдық идеясы. Ақын адамдарды үлкен-кіші деп бөлуге болмайтындығы, қоғам жеке адамдардан бірігіп барып көзге түсетіндігін, тіршілік тірегі бірлік екенін нықтай жырлайды.
С.Шормановтан қалған поэзиялық мұра көп болуға тиіс. Ақын «Махаббат», «Ақ баян құсманы біз қолдайық», «Мінәжат» т.б. көлемді толғаулар жазған.
Елдің тұрмыс жағдайы, қоғамдық халі С.Шормановтың санасында ерекше ұялаған көкейкесті мәселе еді. Сондықтан да «Айқап» журналы шығысымен, оған елдің тұрмыс халі, шаруашылығы туралы мақалалар, хабарлар жазып тұрды. Ол мақалаларында қазақ халқының отырықшылық өмірге ауысып, тұрақтануына, сол арқылы оқу оқып, алдыңғы ел қатарына қосылуына жаңашырлық пікірлер айтты. Болашағы мол өмір салтын насихаттады.
Сонымен қатар, шаруашылық жағдайына ерекше ықпалы бар деген салаларға да қалам тартты. С.Шормановтың «Өрттің зияны», «Шөлді суару» атты мақалалары бұған толық дәлел. «Қазақ» газетінде қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысындағы өзгерістер, бұрынғы билер мен кейінгі билерді салыстарған мақалалары жарияланған.
С.Шорманов - шығармашылығы зерттелмеген талантты тұлға. Оның 1907 жылы баспадан шыққан «Аушы» (дұрысы «Аңшы» болу керек) атты бір шағын кітабы ғана белгілі. Ақынның ел аузында сақталған, баспасөз бетінде жарияланған қолжазбаларын іздестіріп жинақ етіп шығару аса қажет.
***
Книги
Шорманов М. Заметки о киргизах Павлодарского уезда // Записки ЗСОИРГО. – Омск, 1906. – Кн. ХХХII. – С. 1 - 30
Шорманов М. Казахские народные обычаи. - Астана: Алтын кітап, 2007. - 128 с.
Статьи
Шорманов М. Поминки по усопшим у киргиз // Семипалатинские областные ведомости. – Омск, 1871. – № 32
Шорманов М. О кочевках киргиз // Семипалатинские областные ведомости. – Омск, 1871. – № 33
Шорманов М. Зимовки или зимние кочевки // Семипалатинские областные ведомости. – Омск, 1871. – № 37
Шорманов М. О скотоводстве у киргизов Западной Сибири // Сельское хозяйство и лесоводство. – 1883. – №1. – С. 41-50
Книги о М. Шорманове
Письмо М. Шорманова Г.Н. Потанину // Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т. 4. – Алма-Ата, 1968. – 782 с.
Шорманов Муса // Потанин Г.Н. В юрте последнего киргизского царевича / Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т. 4. – Алма-Ата, 1968. – 782 с.
Шорманов Муса // Казахская ССР. Краткая энциклопедия. Т. 3. – Алма-Ата: Казахская энциклопедия, 1989. – 600 с.
Шорманов Муса // Захаренко А.Л. История Павлодарского Прииртышья: учебное пособие. - Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. - 133 с. + CD-ROM.
Шорманов Мұса. – Павлодар, 2003. – 196 с.
Шорманов Муса // Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. – Алматы, 2003. – 676 с.
Шорманов Муса // «Казахстан». Краткий энциклопедический словарь. – Алматы: ТОО «Алматыкітап», 2006. – 496 с.
Шорманов Муса // Потанин Г.Н. Труды по этнографии и фольклору. – Астана «Алтын кітап», 2007. – 248 с.
Рахимов Е.К. Муса Шорманов – общественный государственный деятель и исследователь традиционной культуры казахов. – Томск, 2007. – 27 с.
Шорманов Муса // Джаксыбаев С.И. Записки краеведа. - Павлодар: ЭКО, 2008. – 240 с.
Статьи о М. Шорманове
Жаксыбаев С. Полковник Муса Чорманов – улкен мырза // Звезда Прииртышья. – 1991. – 14 мая
Асфандиярова М. Человек врожденного ума и знаток казахской жизни // Советы Казахстана. – 1993. – 16 июня
Ерофеева И. Муса Чорманов. Сподвижник и единомышленник Чокана // Панорама. – 1993. - №25
Асфандиярова М. Он мечтал о мире и счастье // Простор. – 2000. - №2. – С. 79 - 82
Билялов Б. Шормановы в свете переписи населения 1897 г. и их потомки // Евразийское сообщество. - 2002. - №2. - С. 111 – 125
Нухулы А. Муса Шорманов - видный просветитель казахского народа // Краеведение. - 2002. - №2. - С. 155 - 165
Арын Е. "Жизнь - заложница чести..." // Звезда Прииртышья. - 2002. - 31 октября. - С. 8
Рахимов Е.К. Этнографические записки Мусы Шорманова, как источник по истории Павлодарского Прииртышья // Өлкетану-Краеведение. -2003. - №3. - С. 11 – 18
Исаханова К. Муса Шорманов - просветитель казахского народа // Ұлт тағылымы. - 2004. - №2. - С. 108 -111
Рахимов Е.К. Архивные материалы о Мусе Шорманове // Вестник ПГУ. Серия гуманитарных наук. - 2004. - №2. - С. 60 – 66
Рахимов Е.К. Из этнографических записок Мусы Шорманова // Өлкетану-Краеведение. - 2005.- №3. - С. 66 – 69
Рахимов Е.К. Шежире казахов по материалам Мусы Шорманова // Вестник КазНУ. Серия историческая. - 2006.- №2. - С. 7 – 10
Рахимов Е.К. Григорий Потанин и Муса Шорманов: дружба во имя науки // Омский научный вестник. – 2006. - №7. – С. 5 - 8
Рахимов Е.К. Совместная работа Ч.Ч. Валиханова и М. Шорманова "О кочевых киргиз" // Краеведение. - 2007.- №4. - С. 78 - 81
Калиева Ж. Культурно-научное наследие ученых-краеведов Прииртышья второй половины XIX - начало XX вв.: [о культурно-научном наследии ученых-краеведов Прииртышья] // Краеведение. - 2008. - №2. - С. 101 - 118
Джаксыбаев С. Муса Шорманов: (К 190-летию со дня рождения) // Звезда Прииртышья. - 2008. - 8 апреля. - С. 5
Рахимов Е.К. Этнографические записки Мусы Шорманова, как источник по истории Павлодарского Прииртышья // Өлкетану-Краеведение. - 2008. - №4. - С. 119 - 122
Джаксыбаев С. Муса Шорманов // Экибастузское обозрение. - 2009. - 12 марта. - С. 21
Ларионов Д. Муса Шорманов: просветительство как жизненный идеал // Регион.kz. - 2013. - 8 февраля. - С. 9
Абыкешова Ш. Муса Шорманов // Звезда Прииртышья. - 2013. - 28 сентября. - С. 7
Горбунов С. Султан, этнограф, просветитель // Казахст.правда. - 2015. – 13 июня. - С. 14
Мухамедшина К. Личность евразийского масштаба // Казахст.правда. – 2016. – 16 сентября. – С. 27