Ақын - жыраулар

Ақын Меркемелдинұлы Бекболат 1891 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Әкесі Меркемелиден патшаға қарсы айтылған сөздері мен қылығы үшін қамалып, Павлодар түрмесінде қайтыс болған. Бұл кезде Бекболат төрт жаста еді. Анасының тәрбиесінде болған Бекболат ескіше оқып, хат тани бастаған.

1916 жылғы патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы Ерейментауда болған көтеріліске ақын да қатысады. 1923  жылы ашылған Петропавл қаласындағы мүғалімдер курсына түсіп оқиды. 1924-1956 жылға дейін Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында оқытушылық қызмет атқарды. Осы  жылдары мектептерде көркемөнер үйірмелерін басқарып, ақындық өнерден қол үзбеді.

Қарт ақын Ұлы Отан соғысы жылдарында ақындар айтысына белсене қатысады. 1944 жылы Ақмола облысының Есіл ауданының тұрғындары Рақым Байқошқаровпен, Қасен Төрегелдинмен, Аманжол Әлжановпен айтысқа түседі.

1958 жылы Ақмолада өткен облыстық айтыста жүлдеге ие болады. 1961 жылы Алматыда өткен ақындардың республикалық мәслихатына арнау өлеңін («Ақындар жыры») (1963) айтты. «Ереймен» атты өлеңі «Пернедегі термелер» (1965) жинағында жарияланды.

 

***
Меркемелдинов Бекболат (1891-1963) // Народные акыны и жырши / Под ред. М.Т.Дюсенова. - Алма-Ата,1979. - С.106 -107. - (на каз.яз.)