Ақын - жыраулар

Ақын, жерлесіміз, ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы Молда Мұқан Машанұлы Баянауыл ауданында 1854 жылы дүниеге келген.   Мұқанның әдеби мұрасын зерттеген жерлесіміз, белгілі ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы Б.Жақыпбаев. 1949 жылы ақынның «Алдамшы өмір», «Ұлы жорық», «Өлімнен күшті», «Үш жігіт», «Үш бәнкер», «Еңбектен қашқан бай» поэмаларын, «Жоқтық ұят емес», «Өнердің ұрысы», «Шайтанның саудасы», «Көк сиырдың қиссасасы», «Үш өсиет» және тағы басқа мысал өлеңдерін жинаған.

Ақын Мұқан кезінде ескіше сауатты болған. Сондықтан ауылда бала оқытып, ұстаздык, жұмыспен айналысқан. Әдебиеттен хабары бар, ол өзі де өлең жаза бастаған. Араб, Парсы ертегілерін қазақша өлең етіп жазған.

Мұқан молда қазақтың ауыз әдебиетін қағазға түсіріп, жинақтаған. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыр нұсқасын толығырақ етіп жазған.

Ақынның өлеңдері бұрын жарияланбаған. «Жазушы» баспасынан 1990 жылы «Боздағым» атты кітабы алғаш рет жарық көрген. Ақынның  шығармашылығы қазақ әдебиеті тарихында аз зерттелген.

 

***

Мукан Машанулы (1854-1924) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Павлодар, 2003. - С.414