Ақын - жыраулар

Қазақтың халық композиторы, әнші ақын Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.

Иманжүсіп жас кезінен - ақ жырға, шешендік сөзге құмар боп сал серілер дәстүрін ұстап, саятшылдық құрып, балуан атанды. Ол суырып салма ақын болған. Өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған: Жарылғапберді, Естай т.б. әншілермен дос, сырлас болатын. Ал Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл - кеңес беріп, оған өлең де арнаған.

Иманжүсіп Құтпанұлы Ертіс бойында талай рет қуғынға ұшырап, Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлық-зомбылығына, әділетсіздігіне шыдамай оларға шығарған өткір өлеңдерін aйтады. Одан да қуғынға түсіп, 1905-1912 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісу жеріне айдалады. Щұбарағаш, Ойжайлау, Лепсіде тұрады. Өмірінің қалған уақытын Сарыарқада өткізеді. Иманжүсіп Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші.

«Сармойын», «Бұқылы мен тақылы», «Ішім өлген дүние-ай, кұр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоқай», «Қысыраттың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т.б. әндері әр әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А.В.Затаевич, Қ.Байжанов, Қ.Байсейітов, Иса Байзақовтар нотаға түсірткен. «Сармойын» әні Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылады. Әндерін Қ.Байбосынов, Ж.Кәрменов т.б. әншілер орындайды. Иманжүсіптің әндері мен өлеңдері ел аузында сақталған.

 

***

Иманжусип Кутпанулы // Казахская ССР: Краткая энциклопедия. В 4-х т.-Алма-Ата, 1991.- Т.4.- С.261
Иманжусуп Кутпанулы (1863-1929) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Павлодар, 2003.- С.401- 402
[Иманжусип Кутпанулы] // Ерзакович Б.Г. Музыкальное наследие казахского народа. - Алма-Ата, 1979. - С.176
[Иманжусип Кутпанулы] // Затаевич А.В. 100 песен казахского народа. -М.,1963
Муканова А. О песенном наследии Иманжусупа Кутпанова // Мелодии веков: Материалы междунар.конференции, посвященной 100-летию кюйши К.Медетова. Алматы,2001г. / Каз.нац.консерватория им. Курмангазы. -Алматы, 2002. - С.261-266

****
Арын Е. О народе судите по его вершинам: [К 140-летию И.Кутпанова] // Звезда Прииртышья. - 2003. - 18 марта. - С.5
Жаканов И. Четыре песни как четыре тайны: [О творчестве акына] // Нива. - 2001. - №3.- С.155-160
Иманжусупова Р. Сиять звезде Иманжусупа: [Об акыне-импровизаторе Иманжусупе Кутпанове] // Казахст.правда. - 2003.-18 нояб.-С.4
Иманжусупова Р. Тулпара могучего след на земле // Казахст.правда. -1998.-25 авг.- С.30
Кошенова Р. Второе рождение Иманжусупа [Кутпанулы] // Нива. - 2001.- №3.- С.144 -154
Кошенова Р. Неопалимая купина: [О творчестве Иманжусупа] // Нива.- 2002.- №3.- С.79-83
Шулембаева Р. Сын своего времени: [О творчестве писателя Зейтина Акишева, о его романе, посвященном Иманжусупу Кутпанову] // Казахст.правда. - 2003. - 25 июля. - С.3