Ақын - жыраулар
 

Жарылғапберді Жұмабайұлы 1851 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Әнші, композитор, ақын. Ауыл мектебінде оқыған. Шығыс поэзиясын жақсы білген, ел арасында жыр, қиссаларды жатқа айтып, саятшылық өнермен айналысқан, палуандар сайысына да қатысқан. Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов және Мұса Шормановтармен араласа жүріп, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңірінде шыққан әндерді Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген. Қобызшы Қанғожа, әнші Қозыкемен дос болған. Ол щырқаған «Топайкөк» әні ел ішіне кең тараған.

Жарылғапбердінің махаббат тақырыбына арналған әндері кезінде көп болған. Халық жадында тек «Шұбартау», «Шама», «Қаракөз», «Ардақ» әндері сақталған. Бұл әндерді Балабек пен Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ғ.Айтбаев орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді.

«Азаң» әнін А.В.Затаевич өте жоғары бағалап, «музыка өнеріндегі құнды олжа» деп атаған. А.Жұбанов Жарылғапбердіні «ұлттық ән өнерінің ірі өкілі» деп бағалаған.

 

***

Жарылгапберды Жумабайулы // Казахская ССР: Краткая энциклопедия. В 4-х т. - Алма-Ата, 1991. - Т.4. - С. 237
Жарылгапберды Жумабайулы (1851-1914) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Павлодар, 2003. - С. 263 - 264
[Жарылгапберды Жумабаев] // Жубанов А. Соловьи столетий: Очерки о народных композиторах и певцах: Пер. с каз. / Г.Бельгер. - Алматы, 2002. - С. 405