Ақын - жыраулар
 

Әнші-композитор, ақын Әлсейітов Құдайберген Павлодар облысы Ертіс ауданы (қазіргі Железі ауданы) Қаратерек ауылында туған. 11-12 жасынан «Бала ақын» атанған. Омбы, Павлодар, Семей, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар өңірлерін аралап, ақын, әнші, сері ретінде танылған. Атбасар, Қараөткел, Қоянды жәрмеңкелерінде әншілік, ақындық өнерін, ат ойынын көрсеткен.

Әлсейітовтің көптеген музыкалық шығармалары «Құдайбергеннің әні», «Құдайбергеннің желдірмесі», «Баласы Әлсейіттің Құдайберген» тәрізді термелерімен қатар «Құдайбергеннің Хадиша қызбен айтысы», «Құдайбергеннің    термесі» т.б. өлеңдері ел арасында кең тараған.

Ақынның әуендері терме жанрына тән жеңіл ырғаққа құрылып, көбінесе ионийлік, миксолидиялық, дорийлік ладтарға негізделген. Ол ән жанрында кезігетін қайырмасы бар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланды.

Қ. Әлсейітов шығармашылығын насихаттаған И.Байзақов болды. Сондықтан да оның желдірмелеріне ақынның шығармашылығы үлкен әсер етті. Ән-термелері Қазақ мемлекеттік филармониясы мен «Қазақ-концерт» әншілерінің репертуарынан орын алды.

 

***
Альсеитов Кудайберген (1884-1933) // Казахсая ССР: Краткая энциклопедия. В 4-х т. - Алма-Ата. - 1991. - Т.4.- С.121
Альсеитов Кудайберген (1884-1933) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Павлодар, 2003.- С.125
Әлсейітов Құдайберген // Ақын-жыраулар.-Алматы, 1979.-28-29 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақ совет энциклопедиясы.-12т. –Алматы, 1973.-36 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақ ССР:Қысқаша энциклопедия. -4т. –Алматы, 1989. -4т.-148 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. -6т. –Алматы, 1998. -1т.-673 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақ өнері: Энциклопедия. –Алматы, 2002. -87 б.
Кудайберген Альсеитов // Жубанов А. Соловьи столетий. - Алма-Ата, 1967. - С.374-375
[Кудайберген Альсеитов] // Жубанов А. Соловьи столетий: Очерки о народных композиторах и певцах: Пер. с каз. / Г.Бельгер. - Алматы, 2002. -С.410-411

***
Ақын тойына әзірлік // Сарыарқа самалы. -1996. -6 шілде.
Асқаров Х. Құдайберген ақын // Қазақ әдебиеті. -1986. -4 сәуір.
Ахметов А. Память о поэте жива // Звезда Прииртышья. -1996. - 17 авг.
Дмитриев Ю. Возвращение Кудайбергена Альсеитова // Звезда Прииртышья. -1996. -23 нояб. - С.2
Жаманбалинов М. Акын - импровизатор Кудайберген Альсеитов // Звезда Прииртышья. - 1996. - 23 июля. - С. 2
Құдайбергеннің «Желдірмесі» // Жақанов И. Үзілген ән. –Алматы, 2001. -261-268 б.
Тілеке Ж. Баласы Әлсейіттің Құдайберген // Дауа. -1993. -№9. -4-6 б.