Ақын - жыраулар
 

Ақын Бүркітбайұлы Мұстафа - қазақтың белгілі әншілерінің бірі. Туған жері мен жылы белгісіз. Омбыдағы Азия мектебінде оқыған.

Атақты күйші Тәттімбетпен дос болған. Шығыс зерттеушісі, фольклорист Н.Ф. Костылецкийдің шәкірті. Оның тапсыруымен Бүркітбайұлы қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, ұлттық ойындарды жинаған, қысқа новеллалар да жазған. Біржан салдың әншілік дәстүрін ұстап, Баянауылдың атақты әншісі Өтелбай салды тәнті етіп, Байтен сал, Жарылғапберді, Әбжан, Қозыкелермен бірге өнер көрсеткен. Өзі де талай әндер шығарған. Көп әндерінің ішінде «Бүркітбай» әні ғана сақталып, халық арасына кеңінен таралған.

 

***

Буркитбайулы Мустафа // Казахская ССР: Краткая энциклопедия. В 4-х томах. - Алма - Ата. - 1991. - Т.4. - С.8
Буркитбайулы Мустафа // Баянаул: Фотоальбом / Сост. В. Григорьева. -Алма-Ата. -1985. - С.8
Буркитбайулы Мустафа // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия.-Павлодар, 2003.- С.196