Ақын, мемлекет қайраткері Бердалин Қабыш Исаұлы 1867 жылы Семей облысы Павлодар уезінде (Павлодар облысы) дүниеге келген. Атақты Қазанғап байдың ұрпағы. Естай ақынның жетекшісі болған. 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін Павлодар уезі Қараоба болысының басқармашысы қызметін атқарған. 1917 жылы Павлодар атқарушы органына сайланып, қалалық Думаның мүшесі болды.
1917 жылы Қабыш Бердалин «Алаш» партиясының мүшесі ретінде Орынбор қаласында болған екінші барлық қазақтар съезінде Павлодар уезінің өкілдігінде болды. Ал 1918 жылы Павлодар уезд жиынында бір дауыстан Павлодар уезі «Алаш» партия комитетінің председателі болып сайланды.
Бердалин діни және абыройлы адам ретінде танылып, мұсылмандар рухани басқарма орталығымен Мұхтасиб қызметіне ұсынылады. Кейін Ресейлік мұсылмандар діни басшылар съезі жұмысына қатысады.
1928 жылы 18 қазанда Павлодар окрисполком Президиумының №19 Жарлығымен Бердалин Қабыш жанұясымен Ақтөбе уезіне қуылып, мүлігі конфискеленеді. 1934 жылы «революцияға қарсы әрекеттері» үшін Сібір лагеріне қамауға алынған. Сол қамауда жүргенде көз жұмады. 1957 жылы ақталған.
***
Бердалин Кабыш Исаулы // Забвению не подлежит / Упр.архивами акима Павлодар.обл. - Павлодар: ЭКО, 1997. - С. 28 - 30
Бердалин Кабыш (1867-1935) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Павлодар, 2003. - С.179 – 180
Утюбаев Е. Ш. Деятельность партии "Алаш" в Павлодарской области: [Бердалин Кабыш Исаулы] // Қазақстан педагогикалық хабаршысы = Педагогический вестник Казахстана: Сборник материалов международной научно-практической конференции "Наследие Машхур Жусупа: учение и воспитание". - Павлодар, 2009. - С. 147 - 152
***
Нурбаев К. Наставник Естая (О политическом деятеле, акыне Кабыше Бердалине) // Звезда Прииртышья.- 19 . - 28 января. -С.3
[Бердалин Кабыш Исаулы]: Алиева Г. Жертвы тоталитарного режима: [в фондах Павлодарского историко-краеведческого музея им. Г.Потанина хранятся материалы о жертвах политических репрессий] // Звезда Прииртышья. - 2013. - 23 мая. - С. 3
Казанцева О. Архивы: время говорить // Деловой Мир. - 2002. - №23. - С. 25
Калиева Ж.А. Роль и значение интеллигенции Павлодарского уезда в движении Алаш: [Бердалин Кабыш Исаулы] // Өлкетану-Краеведение. - 2007. - №4. - С. 65 - 72
Калиева Ж. Свобода - прежде всего: (Интеллегенция Павлодарского уезда - в движении Алаш) // Звезда Прииртышья. - 2008. – 12 февраля. - С. 8
Нурбаев К. Новые перемены на пути к национальной идее: [интеллигенция края в 1917 - 1919 гг. / Бердалин Кабыш Исаулы] // Звезда Прииртышья.- 2004. - 16 ноября. - С. 6