Суырып салма ақын Баймұратұлы Нұрлыбек 1887 жылы Павлодар облысы Май ауданында туған.
Нұрлыбек ақын Қазақстан халық ақындары ішіндегі өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты, суырып салма төкпелігімен аты бүкіл Қазақстанға танымал болған аса дарынды ірі тұлға.
Жасынан жалшылдықта жүрген кедей Баймұрат егін кәсібімен айналасып, күн көрісті ойлаған. Ақынның арғы тегі мен үрім бұтағын тарата айтар болсақ, қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Бозарал-Жалаңаш деген Ертіс бойындағы шағын қазақ ауылдарын мекендеген орта жүздің белді руы Найман ішінде Кенжалы бұтағынан тараған.
Ескіше де, жаңаша да сауатын ашқан Н. Баймұратұлының өлеңдері 1924 жылдан бастап жарияланып тұрды. Абай, Әрід, Әсет шығармаларынан тәлім алды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаумен шұғылданды. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлеу (1944), т.б. ақындармен айтысты.
Ұлы Отан соғысының қаһарманы Төлеген Тоқтаровқа арналған «Ер Төлеген» (1945), азамат соғысын суреттеген «Қанды жорық» (1962) дастандары жеке кітап болып басылды. Шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрді.
Ақынға 1939 жылы Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. Жазушылар Одағы мүшелігіне қабылданды. Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.
***
Баймуратов Н. Ер Толеген: поэма / пер. с каз. Д.Ф. Снегина. - Алма-ата: КазОГИЗ, 1945. - 61 с.
***
Нурлыбек Баймуратов (1887-1969) // Казахская ССР: Краткая энциклопедия. В 4 т. - Алма-Ата, 1991. -Т.4. -С.415
Нурлыбек Баймуратов (1887-1969) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Павлодар, 2003.- С.158
***
Асылгазин М. Юбилей акына // Звезда прииртышья. - 1977. - 26 июля
Тукусов У. Не забыть акына // Звезда Прииртышья. - 1990. - 20 февр.