Ақын - жыраулар
 

Ақын, әнші-композитор Иса Байзақов 1900 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған. Иса 9 жасқа қарағанда шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Бала кезінен «Әнші Иса» атанады.

Иса Байзақов 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыған. 1926-1929 жылдары Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Серке, Елубай т.б. актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнайды. Өзі сахналаған «Біржан-Сара» қойылымында Біржан рөлін ойнап, нағыз актерлік дарынын танытқан.

1932-1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар Одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды. Ол көптеген өлеңдеріне өзі сол кездегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен.

Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл - оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелік еді.

Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты. «Ұлы құрылыс» (1933), «Алтай аясында» (1934), «Он бір күн, он бір түн» (1938), «Кавказ» (1940), «Ақбөпе» (1941), «Қырмызы-Жанат», «Қойшының ертегісі», т.б. көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі.

Әлеуметтік қайшылықтарға толы «Ақбөпе» поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды, Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40 - тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармалары - қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған.
Байзақовтың өмірі мен шығармашылығын Е.Ысмайылов, М.Хасенов, Р.Бердібаев т.б. зерттеген. Жазушы Н.Ановтың «Ән қанаты» романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. 1939 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған.

 

***
Байзаков И. Акбопе: Отрывок из поэмы // Антология казахской советской поэзии. - Алма-Ата,1972. - С.115-123
Байзаков И. Избранное. В 2-хт. - Алма-Ата: Жазушы,1983
Байзаков И. Избранные произведения. - Алма-Ата,1948. - 331с.
Байзаков И. Избранные поэмы. - Алма-Ата: Казгослитиздат,
1965. - 176с.
Байзаков И. Избранные поэмы: поэма. - Алма-Ата: Худож. лит., 1957.- 175 с.
Байзаков И. Избранные поэмы: [Е-копия книг]. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1957. - 175 с.+ CD-RОМ
Байзаков И. Красавица Куралай. - Алма-Ата, 1971. -376с.
Байзаков И. Стихи // Антология казахской поэзии. - М.,1958.- С.315-316

****
Анов Н. Акын Иса Байзаков // Анов Н. На литературных перекрестках. -Алма-Ата,1974. - С.104
Анов Н. Крылья песни: Роман. - М.: Сов.писатель,1970. – 420 с.
Байзаков Иса (1900-1946) // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. -Павлодар, 2003. - С.156-157
Байзакова М. Порыв вдохновенный: Очерк-воспоминание о жизни Исы Байзакова. - Алма-Ата: Онер,1987. -144с.
Байзакова М. Порыв вдохновенный: очерк воспоминание о жизни И.Байзакова [Е-копия книги]. - Алма-Ата: Өнер, 1987. - 144 с. + CD-ROM
[Иса Байзаков] // Их именами названы улицы Павлодара: буклет [Е-копия книги] / отв. за вып. М. К. Гапон; сост. Э. Д. Соколкин; фото Л. Д. Багаева; Павлодарский обл. ист.-краев. музей им. Г. Н. Потанина.- Павлодар, 1977. - 34 с. + CD-R.
[Иса Байзаков] // Мы славим республику нашу: репертуарный сборник, посвященный 40-летию Казахстана / Павлодарский областной Дом народного творчества.- Павлодар, 1960. - 82 с.
[Иса Байзаков] // Писатели Павлодарского Прииртышья: биобиблиографический указатель / сост. Р. Ф. Плахотина; ред. Л. С. Лямзина; Павлодарская областная библиотека им. Н. Островского.- Павлодар, 1970.- 70 с.
Ерзакович Б. Патриот искусства // Иса Байзаков. - Павлодар, 2003. - С.39-45
Иса Байзаков // Бадыров К. Театр-моя судьба.-Алма-Ата, 1987.- С.160-167
[Иса Байзаков] // Жубанов А. Соловьи столетий: Очерки о народных композиторах и певцах: Пер. с каз. / Г.Бельгер. -Алматы, 2002. - С.425-428
Источник вдохновения // Акын Иса. - Павлодар, 2000.- С.127-152
[Об Исе Байзакове] // Муканов С. Школа жизни: Роман. - М.,1971. - С.103-108
[Об Исе Байзакове] // Буренков В. Баянаул. - Алма-Ата,1979. - С.122
[Иса Байзаков] // Джандарбеков Б. За кулисами: (Творческие портреты, воспоминания) // Искусство Казахстана.- Алма-Ата, "Өнер", 1982.- С. 97 - 98
Иса Байзаков (1900-1946 гг.) // Исторические личности. - Алматы, 2007. - С. 164
Домик с мезонином: [история дома по улице Ленина, 176 в Павлодаре] // Әнші Майра. - Павлодар, 2001. - С. 259 – 260
[Иса Байзаков] // Ерзакович Б. У песенных истоков: (Из воспоминаний) // Искусство Казахстана. - Алма-Ата, "Өнер", 1982. - С. 43 – 47
Иса Байзаков (1900-1946 гг.) // Исторические личности. - Алматы, 2007. - С. 164

****
Анов Н. Судьба акына // Казахст.правда. - 1970. -1 сент.
Байдилов Б. Волшебство поэтического слова, или еще раз об Исе // Звезда Прииртышья. - 2000. - 10 октября. - С. 6
Байдилов Б. Гений импровизации: [в Иртышском районе прошел областной айтыс акынов, посвященный 100-летию Исы Байзакова] // Звезда Прииртышья. - 2000. - 22 июля. - С. 5
Байзакова М. Дружба наших отцов // Звезда Прииртышья. -1976. - 5 марта
Баймаганбетова Б. К 100-летию Исы Байзакова // Родные просторы. - 2000. - 22 июля. - С. 1
Бердибаев Р. О традиции акынов- импровизаторов (Жамбыл, Иса) // Простор.-1973.- №11.- С.104-106
В честь акына-импровизатора: К 100-летию И.Байзакова // Звезда Прииртышья. - 2000. -13 мая. - С. 3
Горбунов С. В центре внимания - духовность: [Об открытии в Павлодаре областной филармонии им. И.Байзакова] // Казахстанская правда. - 2012. - 11 мая. - С. 21
Гранин Г. Он живет и сегодня // Звезда прииртышья. - 1975. - 10 июля
Гущин В. Волшебник импровизации // Простор. - 2002. - №4. - С.98-101; Нива. -200. - №5.- С.108-113
Жаманбалинов М. Певец, композитор, артист // Звезда прииртышья. -1985. - 9 окт.
Жаманбалинов Г. Самородок земли казахской: К 90-летию Исы Байзакова // Звезда Прииртышья. -1990. - 2 авг.
Игибаева Р. Самородок степи // Звезда Прииртышья. - 2010. - 30 сентября. - С. 8
Иса Байзаков // Звезда Прииртышья. -1980. -14 авг.
[Иса Байзаков] // Сметова А. А. Музыкальные просветители Павлодарского Прииртышья // Вестник ПГУ. Серия педагогическая. - 2004. - №2. - С. 66 - 71
Касенова А. Девять граней одного таланта: [110-летие акына-импровизатора, певца и композитора Исы Байзакова] // Звезда Прииртышья. - 2010. - 5 октября. - С. 1
Касенова А. Золотой голос Прииртышья: [110-летие акына-импровизатора, певца и композитора Исы Байзакова] // Звезда Прииртышья. - 2010. - 5 октября. - С. 2
Кокумбаев Б. Иса Байзаков // Звезда Прииртышья. -1979.-5 окт.
Коныров Т. Юбилей акына // Звезда Прииртышья. -1980.-7 окт.
Масюк Д. Мой земляк // Звезда Прииртышья. -1990. - 20 июня
Мажитова Ш. Талант Исы Байзакова // Звезда прииртышья. - 1990. - 27 июля
Никитина В. По закону сердца: К 90-летию акына // Казахст.правда. -1990. - 27 июля
Приймак Д. Гражданин, акын, артист // Звезда Прииртышья. - 1990. - 3 июля
Шелков К. Акын из волшебной сказки: [в этом году Павлодарская область и мировая общественность отмечают 105 лет со дня рождения поэта-акына И.Байзакова] // Новая газета. - 2005. - 6 окт. - С. 1
Юбилей акына // Звезда Прииртышья. -1985.-12 окт.