Ақын Әшірбеков Момын Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев атындағы совхозда туған. Жасынан қызметке араласып, ән-күйге, ақындыққа үйір болған. Өлеңдерін мерзімді баспасөзде жариялап тұрған.
Ақынның өлеңдері «Пернедегі термелер» жинағында (1965) жарияланды. Өзінің «Белестер», «Кербез дала» (1963), «Ақ селеу» (1972) аталған өлеңдер жинағы жарық көрген.
Жазушының өлең-жырлары негізінен туған жер табиғатына, аңшылық-саятшылық көсіпке, еңбек, өнер адамдарына арналған. Көп шығармалары Отан соғысының батырлары, космонавтарға арналған.
***
Аширбеков Момын // Народные акыны и жырши / Под ред. М.Т.Дюсенова. - Алма-Ата,1979. - С. 29-30. - (на каз.яз.)