Театр өнері. Кино

Театр, кино және теледидар актері, театр және кино режиссері, музыкант, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы. 1976 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген.

№ 15 Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебінде, көркемсурет мектебінде оқыды, «Жасыбай» БЖСМ-де бокспен айналысты. Мектепті бітіргеннен кейін №18 кәсіби-техникалық училищесінің «Тау-кен жабдықтарын жөндеу, монтаждау және бөлшектеу слесарь-электригі» мамандығына түсті. «Восточный» көмір кенішінде жұмыс істей отырып, оқу орнын үздік аяқтады.

1993 жылы Омбы мемлекеттік қатынас жолдары академиясына «Вагон жасау инженері» мамандығына оқуға түсті. Үш семестр сол жерде күндізгі бөлімде оқыды, содан кейін Омбы ТЮЗ-не сәулелендіруші болып жұмысқа орналасуына байланысты сырттай оқуға ауыстырылды, кейін театрдың актерлік труппасына қосылды. Борис Кричмардың қойылымындағы «Муха-Цокотуха» жәндіктер өміріндегі өлеңдердегі балет феериясында Өрмекші рөлін тамаша орындаумен Омбы көрермендерінің есінде қалды.

1996 жылы Омбы облыстық мәдениет және өнер колледжіне оқуға түсті. Оны бітіріп, Мәскеуге көшіп, 1999 жылы Б.В. Щукин атындағы жоғары театр училищесіне оқуға түсті.

2003 жылы училищені бітіргеннен кейін Мәскеудегі Ресей академиялық жастар театрының (РАЖТ) труппасына шақырылды, онда ол 2014 жылға дейін қызмет етті. 2014 жылы ол Санкт-Петербургке көшті.

«Ментовские войны» телехикаясындағы Роман Шиловтың рөлі оған танымалдылық әкелді. Сондай-ақ «Отцы и дети», «Привет от Катюши», «Чума», «Двадцать восемь панфиловцев», «Викинг», «Золотая Орда», «Годунов», «Лучше, чем люди», «Союз спасения», «Рикошет», «Бешенство» атты фильмдер мен сериалдардағы рөлдерімен танымал.

Театрдан басқа Александр бокспен, фотосуреттермен, мотоциклдармен, музыкамен, антикварлық жиһазды қалпына келтірумен айналысады. 2021 жылдың тамыз айында мотоциклмен Санкт-Петербургтен Таулы Алтайға дейін сирек кездесетін генетикалық ауруы бар кішкентай баланы (1 типті жұлын бұлшықет атрофиясы (ЖБА) қолдау үшін қайырымдылық мотошеруге аттанды. Мотошерудің мақсаты Ресейдегі 1 типті ЖБA-мен күресу мәселесіне назар аудару болды. Александр жиырмадан астам қалада болды. Мотошеру 28 күнге созылды. Жолдың ұзындығы 12 мың шақырымға жуық болды.

2015 жылы «Ekibastuz» атты музыкалық ұжымын құрды. Топ «Питерский рок» жанрында өнер көрсетеді. Сол жылы топтың Санкт-Петербургтегі «Балтиец» яхта клубында алғашқы концерттері өтті. 2017 жылы Санкт-Петербургте Александр Устюговтың және «Ekibastuz» тобының «Дороги» атты дебюттік альбомының тұсаукесері өтті. Альбомға 15 трек кіреді. 2018 жылы топтың екінші альбомының тұсаукесері өтті – Зал Ожидания» (10 трек). 2019 жылы олар «Рикошет» сериалының саундтрегіне енген «Обнуляю» әнін жазды. 2020 жылы барлық цифрлық платформаларда топтың «Московская любовь» атты үшінші студиялық альбомының премьерасы өтті (14 трек).