Музыка және би өнері

Қазақстандық диджей және музыкалық продюсер.

2000 жылы 21 қазанда Ақсу қаласында дүниеге келген. Теміржол колледжінде оқып жүргенде Ақсу қаласындағы теміржол станциясында жұмыс істей бастады. И. Зейкенов 2017 жылы 17 жасында ремикс жасай бастады. Ол қол қойған Effective Records ресейлік лейбіл арқылы бұрын гайано-американдық рэпер Saint Jhn шығарған «Roses» атты ремикс жасады. Бұл әннің ремиксі бүкіл Еуропада, соның ішінде Бельгия, Венгрия, Нидерланды, Польша және Швецияда көптеген чарттарда пайда болды және Shazam әлемдік шыңында №3 болды. Ремикстің сәттілігі мен танымалдылығының арқасында 2016 жылы жазылған түпнұсқа ән US Billboard, British Singles Chart және 2019 жылы Австрия, Канада, Дания, Франция, Германия, Ирландия сияқты басқа елдердің чарттарында пайда болды.

2019 жылы ол Saint Jhn «Roses» ремиксімен әлемге танымал болды, ол үшін «Грэмми-2021» музыкалық сыйлығын жеңіп алды, Грэммиді жеңіп алған Қазақстаннан келген алғашқы музыкант, сондай-ақ классикалық емес музыка санатында Грэммиді жеңіп алған ТМД-дан келген алғашқы музыкант болды.

Imanbek-те бірқатар басқа шығарылымдар бар, атап айтқанда: «Take Me» (ONEIL-мен бірге), «Hot» (Parah Dice бірге), «Smoke It Up» (Stephanskiy бірге), «Dope», «Clandestina» (Emma Peters қатысуымен FILV & Edmofo бірге), «Romantic Dance» (DJ Dimixer, Murana қатысуымен), «Too Much» (Usher қатысуымен Marshmello бірге), «Bang Bang» (Rita Ora бірге), «Dancing on dangerous» (Sofiya Reyes және Ya Rick қатысуымен Sean Paul бірге), «Baddest» (Cher Lloyd бірге), «Sweet Dreams» (Alan Walker бірге), «Bam» (KDDK және Ya-Rick бірге), «Groove» (Lost frequencies бірге), «break it» (Drake қатысуымен Dj Snake бірге), «Love pokes» (Selena Gomez бірге), «Sensitivity» (Billie Eilish қатысуымен Ariana Grande бірге), «Жөст май өнивөрс» (Kairat Nurtas қатысуымен), «Fla» (MC Sajlaubek бірге), «My Rose» (Роза Рымбаевамен бірге), «Belly Dancer» (BYOR бірге).

Әдебиеттер

Мүсәйіп Қ. Imanbek-тің кезекті жетістігі: (Павлодарлық жас музыкант Иманбек Зейкенов ұлыбританиялық әнші Rita Ora және франциялық диджей David Guetta-мен бірге миниальбом шығарды) // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 20 ақпан. - 12 б.
Әбіш М. Қазақ баласы Grammy сыйлығын алды: [Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің Saint JHN орындайтын "Roses" әніне жасаған ремиксі америкалық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы ұйымдастырған "Грэмми" сыйлығына ұсынылған еді] // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2021 - 16 наурыз. - 1 б.
Иманбек Зейкенов: (SAINt JHN атты әншінің "Roses" әніне ремикс жазып Grammy сыйлығына ие болған, ақсулық жас музыкант Иманбек Зейкенов жайлы) // SARYARQA SAMALY. – 2021 - 20 наурыз. - 9 б.
Жылқыбай Д. Grammy: мақтаныш па, тәуелділік пе?: ["Grammy" сыйлығы] // Аq jelken. – 2021 - №4.- 14 - 17 б.
Қапанұлы М. Миллиард тыңдалым: [Жерлес музыкант және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов "Roses" ремиксінің миллиардтық тыңдалымы үшін Sportify платформасының марапатына ие болды] // SARYARQA SAMALY. – 2022 - 20 қаңтар. - 8 б.
Әбіш М. Әлем мойындаған Иманбек: [мақалада "Грэммиді" алған Иманбек Зекенов туралы жазылған] // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2022. - 25 қазан. - 14 б.