Музыка және би өнері

Қазақстандық поп-әнші және актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Тюрквидение-2014 музыкалық байқауының жеңімпазы. «КешYou» қазақ қыздар поп-тобының бұрынғы қатысушысы.

Жанар Дұғалова 1987 жылы 18 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Үш жасқа толғанға дейін Таллинде тұрды, содан кейін отбасымен Павлодарға қайта оралды. Бес жасында анасының талабы бойынша Оқушылар сарайының эстрадалық студиясының үйірмесіне барды. Алты жасында ол «Әнші балапан» облыстық вокалдық байқауында жеңіске жетіп, кейін республикалық байқауда да жеңді. Он жасында «Айналайын» балалар байқауында Роза Рымбаевамен дуэт болып шырқады. Кейін көптеген ұлттық және халықаралық вокалдық байқауларға қатысып, 70-тен астам марапаттардың иегері болды.

Қазақ лицейі мен фортепиано сыныбы бойынша музыка мектебін бітірген. Алматы музыкалық колледжіне оқуға түсті. 2004 жылдан бастап ГИТИС-те оқыды, оны қызыл дипломмен бітірді. 2011 жылы «Коктейль для звезды 2» қазақстандық мелодрамалық фильмінде ойнады. 2012 жылдан 2014 жылға дейін «КешYou» қазақ қыздар поп-тобының құрамында ән шырқады.

2014 жылдың қараша айында Жанар Дұғалова «Ізін көрем» («Вижу их след») әнімен Тюрквидение-2014 халықаралық музыкалық байқауына қатысты. Ол 225 ұпай жинап, финалда жеңіске жетті. 2015 жылғы 3 желтоқсандағы жарлықпен оған Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

Әдебиеттер

Жанар Дұғалова "Түрквижн 2014" жеңімпазы атанды // Ертіс дидары. – 2014 - 26 қараша(№11). - 16 б.
Дұғалова Жанар: "Бұл - баршамыздың ортақ жеңісіміз!": [әнші, актриса Доғалова Жанармен сұхбат]; сұхбаттасқан Назгүл Әбушәріпқызы // Жұлдыздар отбасы. – 2014 - №24(желтоқсан). - 7 - 8 б.
Әнге құштарлық бала күнімен басталды: (Әнші Жанар Дұғаловамен сұхбат); Әңг. Ақбота Исләмбек // Ана тілі. – 2015 - 5 - 11 ақпан(№5). - 12 б.
Өмірімді махаббатсыз елестете алмаймын: (Әнші Жанар Дұғаловамен сұхбат); сұхб. Анар Дәукен// Жұлдыздар отбасы. – 2016 - №15. - 9 - 11 б.
Армандарымның ең аяулысы - ана болу: [ҚР еңбек сіңірген әнші Жанар Дұғаловамен сұхбат]; сұхб. Айнұр Тәнібергенқызы // Жұлдыздар отбасы. – 2017 - №2.- 19 - 21 б.