Архив және музей ісі. Облыс өлкетанушылары
 

1917 жылы 24 сәуірде Ертіс ауданы Ертіс ауылында қарапайым ағаш ұстасының отбасында дүниеге келген. 1933-1936 жылдары ата-анасы мен жақын туыстары қайтыс болғаннан кейін ол балалар үйінде тәрбиеленді. 1936 жылы шаруа жастары мектебін үздік бітіріп, содан кейін Алматыда екі жылдық мұғалімдер курсында оқыды. 1938 жылы Талдықорған облысы, Алакөл ауданында қазақ тілі, география пәнінің мұғалімі қызметін атқарды, 1939 жылы – Фин соғысына қатысқан. Кейін, Ханафия Асқарұлы Маннергейм қаласында жарақат алғаннан кейін Отанына оралды. С 1941 жылдан 1944 жылға дейін Ертіс қазақ онжылдық мектебінің меңгерушісі болды. 1944 жылдың қазанында майданға аттанып, Жапониямен болған соғысқа қатысқан. Ол Отан соғысы орденімен, «За победу над Германией», «За отвагу» медальдарымен марапатталған. Соғыстан оралғаннан кейін, ұстаздық қызметін жалғастыруға шешім қабылдады, Семей педагогикалық институтын бітірді. Өзінің 41 жылдық педагогикалық өтілі барысында Ханафия Асқарұлы мұғалім, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды.

Зейнетке шыққаннан кейін ол журналистика саласында өзін сынап көруді шешті. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Дауа», облыстық «Руханият», «Сарыарқа самалы» газеттерінің беттерінде басылды. Журналистер одағы Кеңесінің мүшесі, «Ертіс өрендері», «Алаш зиялылары», «Даналық, тектілік, әлеуметтік әлемі» туындыларының авторы, үш дүниежүзілік қазақ құрылтайының, Дүниежүзілік мұсылман діни құрылтайының делегаты.

87 жасында Мекке-Мединаға қажылық жасады.

 

Әдебиеттер:

1. Асқаров Х. Алғашқы редактор: [Сарыарқа самалы газетінің алғашқы редакторы Ә. Аяпбергенов туралы] // Сарыарқа самалы. – 1998. - 11 шілде. - 3 б.
2. Асқаров Х. Шаруа мектебі-алғашқы оқу орны // Сарыарқа самалы. – 2001. - 28 қыркүйек. – 32 б.
3. Асқаров Х. Ұлы Ертістің қамын ойлаған азамат: [«Ұлы Ертіс» ассоциациясының президенті, инженер-мелиоратор Жанайдар Рамазанов туралы] // Сарыарқа самалы. – 2003. - 15 наурыз. – 6 б.
4. Асқаров Х. Әйгілі ғұлама Тәңірберген: [Діни ғұлама Тәңірберген молда жайлы] // Сарыарқа самалы. – 2004. -10 қаңтар. – 5 б.
5. Аскаров Х. Именем на родину вернуться...: [об общественном деятеле Каире Корабаеве] // Звезда Прииртышья. – 2005. - 1 февраля. - С. 4
6. Асқаров Х. Ақылды қария - тарих көзі (Айсабек қарт туралы ой толғау): [Айсабек Тоғымұлы жайлы] // Руханият. – 2007. - 3 мамыр. – 7 б.
7. Аскаров Х. Алғашқы редактор // Ертіс нұры. – 2015. - №52-53 (желтоқсан). - 14 б.
8. Аскаров Х. В народе его звали Жандай: [о просветителе Ж. Тленшине] // Звезда Прииртышья. – 2018. - 20 ноября. - С. 5
9. Асқаров Х. Есімі ел есінде: (Ертіс-Баян өңірінде алғашқылардың бірі болып ағартушылық салада аянбай еңбек етіп, ғылым мен білімге сүбелі үлес қосқан ардақты азаматтың бірі - Жармұхамет Тіленшин туралы, ұлы Отан соғысының ардагері Ханафия Асқаровтың «Қызыл туда» жарық көрген мақаласы) // Сарыарқа самалы. – 2018. - 24 қараша. - 9 б.

***

10. Ертайқызы Д. Екі соғысты бастан кешірген: [Ертіс ауданының тумасы Ханафия Асқаров жайлы] // Сарыарқа самалы. – 2009. - 9 мамыр. – 6 б.
11. Коныров Б. Жизнь посвятил школе и детям: [о педагоге, ветеране ВОВ Х.А. Аскаровиче] // Звезда Прииртышья. – 2012. - 26 апреля - С. 5
12. Коныров Б. Поздравили юбиляра: [павлодарскому писателю, журналисту Х.А. Аскарове исполнилось 95 лет] // Звезда Прииртышья. – 2012. - 3 мая. - С. 3
13. Ханафияқызы Г. Сарғайған хаттар сыр шертеді: (Өлкетанушы, шежіреші, ардагер ұстаз Ханафия Асқаров жайлы) // Сарыарқа самалы. – 2015. - 26 қыркүйек. - 8 б.
14. Адамов А. Ғасыр жасаған жауынгер: (Ұлы Отан соғысының ардагері Ханафия Асқаров 100 жаста) // Сарыарқа самалы. – 2017. - 6 мамыр. - 4 б.
15. Ибадуллин Т. Ғасыр жасаған шежіреші: [Өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ханафия Асқарұлы 100 жаста] // Сарыарқа самалы. – 2017. - 13 мамыр. - 10 б.
16. Әлімбай М. Қарт шежіреші Ханафия: (Ертістің Керекулік өңірі тарихын талмайзерттеуші, тамаша ұстаз, қолынан қаламын сусытпайтын елгезек ақсақал Ханафия Асқаровқа) // Сарыарқа самалы. – 2017. - 13 мамыр. - 10 б.
17. Қоңыр Т. «Сарыарқа самалының» жанашыры: (Ұстаз, майдангер Қанафия қажы Асқаров жайлы) // Сарыарқа самалы. – 2017. - 1 маусым. - 12 б.
18. Ханафия Асқаров: (Некролог) // Сарыарқа самалы. – 2017. - 31 қазан. - 7 б.